Басты ақпаратҚала мен Сала

САРЫ АЯЗДА САБАҚ БОЛМАЙДЫ



Астанада аяздың беті қайтпай тұр. Қазгидромет орталығының мамандарының мәліметінше, алдағы бірнеше күн бойы еліміздің басым аумағы әлі де Батыс Сібірлік антициклон ықпалында болмақ. Яғни, 20 қарашаға дейін аяз болады деген сөз.

23012015_09-36-53

Осыған байланысты кеше елорда мек­тептерінде 1-9-сынып оқушыларының сабағы тоқтатылды. Астана қалалық Білім басқармасының хабарлауынша, қыс­қы кезеңдегі ауа райының қолайсыз жағ­дай­ларына байланысты қала бойынша білім мекемелерінде (жалпы білім беретін мектептер, колледждердің 1-2-курс студенттері үшін) сабақ мынадай жағдайларда болмайды:
– 25 градус және одан төмендеп, жел секундына 2 метр және одан жоғары болса, 1-4-сынып оқушыларына;
– минус 30 градус және одан төмен, жел секундына 2 метр және одан жоғары болса, 1-9-сынып оқушыларына;
– минус 35 градус және одан төмен, жел секундына 2 метр және одан жоғары болса, мектептің 1-11-сынып оқушылары мен колледждердің 1-2-курс студенттеріне сабақ болмайды.
Сабақтың болмайтыны туралы ақпаратты таңғы сағат 6.45-7.00, екінші ауысым бойынша ақпаратты түскі сағат 12.15-12.30 аралығында «Алма ТВ», «31 арна», «СТВ» телеарналарында жүгіртпе жолдар және «Алма ТВ» ақпараттық кабельді арнасындағы хабарландырудан, сондай-ақ «Хабар», «Қазақстан» ұлттық арнасы, «Еуразия» бірінші арнасы», «Астана ТВ», «КТК», «НТК» телеарналары мен «Астана радиосы», «Ретро FM», «Қа­зақстан-РВ», «Авторадио», «Шалқар» радиолары арқылы білуге болады.
«169» (ақылы), «109» (тегін) нөмірлеріне ұялы телефоннан хабарласу арқылы да ақпарат ала аласыз.
«Сонымен қатар, «Smart Astana» мо­бильді қосымшасы, www.e.astana.kz Астана қаласы әкімдігінің электронды қызметтер порталы мен www.bilim.astana.kz Астана қаласы Білім басқармасының сайтына назар аударып, мектеп кезекшісі, сынып жетекшісіне, мектеп әкімшілігіне хабарласуға болады. Ата-аналарды мұқият болуға шақырамыз. Қыс мезгілінде ауа райының суықтығын ескеріп, балаларыңызға жылы киінуді, ақпаратты уақытылы тыңдауын қатаң тапсыруларыңызды сұраймыз» делінген әкімдік хабарламасында.

Бүркіт НҰРАСЫЛ




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button