Ел тынысы

Сарыарқа ауданы қарттары «Амалды» атап өтті

Сарыарқа ауданындағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында ардагер ата-әжелеріміз «Амал» мерекесін атап өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 

Орталықтың қызмет алушы зейнеткерлері Наурыз айының басталуын қол алысып, жылы құшақтасып, көрісуден бастады. Мереке күні ақсақалдар орталыққа келушілерге бата беріп, жиналғандарға ақжарма тілегін арнады.
Мерекені ұйымдастырушылар іс-шараны Амал мерекесінің шығу тарихымен таныстырудан бастап, көрермендерге бейне ролик көрсетті.

Мәдени іс-шарада «Шаңырақ» этно-мәдени ансаблінің өнерлі әжелері «Бүлдірген», «Бипыл» әндерін орындаса, «Гаухартас» би тобының апалары «Қамажай» биін биледі.  Амал мерекесі викториналық жарыстармен жалғасты. Өнерлі ата-әжелер әзіл аралас сұрақтарға жауап беріп, мақал-мәтел, жұмбақ айтып, дәстүрлі ән айтудан сынға түсті.  Көрісу күні жиналғандарға мерекелік көңіл күй сыйлады. Сонымен қатар, зейнеткерлерге ұлттық тағам түрлері де тарту етілді.  Кеш соңында Сарыарқа ауданы бойынша әлеуметтік қызмет көрсету орталығының басшысы Кенжеболат Бапишев жиналғандарға алғысын білдіріп, мерекемен құттықтады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button