Басты ақпаратМәдениет

Сарытап сағыныш сарыны

Елордадағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында ақын, жазушы Ұларбек Дәлейұлының «Қарғыбаулы қасқыр» кітабының тұсауы кесілді. Іс-шараға ақын-жазушылар, өнер адамдары, Парламент Мәжілісінің депутаттары, зиялы қауым өкілдері, белсенді оқырмандар қатысты.

Әдебиетке өлеңмен келіп, ақын ретінде танылған Ұларбек Дәлейұлының бұған дейін «Қанымдағы қасқыр иісі», «Күз жауған соқпақ» атты жыр жинақтары мен «Хат бармайтын қыстақ» атты әңгімелер жинағы баспадан шыққан. «Кітаптың өне бойынан жалаң қолмен жауға шабар асқақ рух, қазақтың еңсесін көтерер ерен өрлік есіп тұр, туған мекеніміз, атажұрт – Алтайға деген сарытап сағыныш аңқиды» деп кітаптың алғы сөзін жазған Қанағат Әбілқайыр айтқандай, «Қарғыбаулы қасқыр» (дала хикаялары) кітабына арғы беттегі – Қытайдың Алтайындағы қазақтардың туған жерінің топырағын жауға таптатпай, анталап келген жаумен қиян-кескі жүргізген шайқасы, оған бас болған қазақ мергендерінің ерлігі тарихи дерек негізінде айшықты тілмен әсерлі баяндалған. Сонымен қатар сонау Алтайда қалған балалық шағы мен туған ауылының тыныс-тіршілігі, арғы беттегі ағайындардың таңғажайып өмірі де автор қаламынан қағыс қалмаған.

– Басты мақсатым – өзінің ұлттық рухынан адасып, түрлі бағытқа бөлініп бара жатқан замандастарымның басын біріктіруге ұмтылу. Сонымен қатар өсіп келе жатқан жас ұрпақтың ұлттық санасына сілкініс жасау болатын. Сол үшін өткен ғасырда арғы беттегі қазақтардың жаумен күресудегі ерекше ерлігін тарихи деректерге сүйене отырып жазып шықтым, – дейді Ұларбек Дәлейұлы.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button