Жаңалықтар

Сәулелі мекенжай тақтайшалары



Елорданың 15 көшесінде жарықтандырылған жаңа мекенжай тақтайшалар орнатылды.

Бұрынғы көрсеткіштердің орнына сәуле шашатын аншлагтар ілінді. Мұндай тақтайшалар фотолюминесценттік қабықшадан жасалған. Бұл заттың құрамындағы бөлшектер жарық көздерінен энергияны жылдам жинап, содан соң электр қуатын пайдаланбай, түнде ұзақ уақыт бойы жарық бере алады. Жаңа тақтайшалар 4 сағаттан 12 сағатқа дейін сәулеленіп тұрады.
Байқоңыр ауданының әкімі Ерлан Қаналимовтің айтуынша, қазір аудандағы көшелердің атауы мен үйлердің реттік нөмірі жазылған аншлагтарды орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Атап айтсақ, Ж.Тәшенов, А.Бараев, Республика, А.Иманов, Кенесары, Абай, Ж.Досмұхамедұлы, Асан қайғы, А.Янушкевич, А.Пушкин, А.Кравцов, Ә.Сембинов, А.Жұбанов, М.Ғабдуллин, Ш.Уәлиханов көшелері мен даңғылдарындағы үй таңбалары жарқырауда. Бүгінде барлығы 360-тан аса жарық жинағыш қабаты бар тақтайша ауыстырылды.




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button