Қала тіршілігі

Саябақтарда ғажап көп



Дәурен Қасенов,
газет оқырманы:
– Күн жылынған соң қала саябақтарында бала-шағамен серуендеп, демалуды дәстүрге айналдырып келемін. Биылғы жазда саябақтар халыққа қан­дай ерекше қызықтар ұсы­на­ды екен, сол жайында айтып бе­ресіздер ме? 

Оқырман сауалына орай қа­ла­лық Мәдениет және спорт басқармасы мынаны хабарлайды:

Астананың саябақтары осы жазда астаналықтар және қала қонақтарына көптеген тосынсыйлар дайындап отыр. Саябақтарда жаңа аттракциондар, қызықты шоулар және «Мадагаскар» мультфильмінің кейіпкерлерімен би кештері ұйымдастырылады.
Соңғы бірнеше жылда қалалық саябақтар едәуір жаңарды. Бүгінде олар баршаның сүйікті демалыс орнына айналды. Мәселен, былтыр «Американдық сырғанақтар» аттракционына мінген жандар көп болды. Мұндай аттракцион «Астаналық» саябақта соңғы 10 жылда болмады. Ал биылғы жазда аталмыш саябақта «Бумеранг» атты экстремалды жаңа аттракцион іске қосылады. Ол «Американдық сырғанақтар» аттракционының жанында орналасқан. Жалпы, бұл саябақта кез келген талғамға сай 20-ға жуық аттракцион ұсынылады.
Өткен жылы Астананың сая­бақтарында «Саябақтың 7 ғажайыбы» атты ойын-сауық жобасы іске қосылған болатын. Жоба көрермендердің көңі­лінен шығып, танымал мультфильмдердің кейіпкерлері биыл да демалушыларға қуа­ныш сыйлайды.
Астананың кішкентай тұр­ғын­дары мен қонақтарына ани­маторлардың және жаңа кейіп­керлердің қатысуымен жаңа шоу ұсынылады. Әртістердің бес тобы қаладағы бес саябақты аралайды және күніне екі қойы­лымнан көрсетеді. Осы жазда сая­бақтарда 1000-ға жуық концерт ұйымдастырылмақ.
Биыл «Саябақтың 7 ғажайыбы» жобасы қала тұрғындары мен қонақтарын тағы да бір таңғал­дырмақ. Саябақтарда «Мадагас­кар» мультфильмінің кейіпкерлері мінген мультмобиль жүреді. Ол адамдар көп жиналған орындарда тоқтап, көңілді би кештерін өткізеді.
Балаларға арналған анима­циялық шоулардың апталық кестесімен толығырақ Астана қаласы Мәдениет және спорт басқармасының Инстаграмдағы @madeniet_sport.astana аккаунтынан танысып отыруға болады.

Жазып алған
Аманғали ҚАЛЖАНОВ




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button