Басты ақпарат

Серпінді дамуға негіз болады

Кеше әкімдікте елорда басшысы Бақыт Сұлтанов қала активімен кездесу өткізіп, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа Жолдауын талқылады. Астана әкімі бұл жолғы Жолдау өзінің маңызы мен мазмұны жағынан ерекшеленіп, бұған дейін дайындалған және уақыт сынынан өткен «Қазақстан-2050» стратегиясы, «Нұрлы жол», «100 нақты қадам» Ұлт жоспары сияқты бағдарламалық құжаттардың логикалық жалғасы болғанын атап өтті.

«Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев азаматтардың әлеуметтік жағдайын, өмір сүру сапасын және қоғамды дамытуға қатысты көлемі жөнінен бұрын болып көрмеген іс-шараларды белгілеп берді. Жолдаудың әрбір тармағы Қазақстанның қарқынды дамуы үшін маңызды болып табылады, оны жүзеге асыру бізге әлемдегі 30 дамыған елдің қатарына сеніммен кіруімізге мүмкіндік береді. Мемлекет басшысы жария еткен міндеттер ағымдағы жылдың 11 қыркүйегінде қала активімен кездесуде айтылған мақсаттармен тығыз байланыс­ты. Мәселен, бұл – қаланы дамытудың жаңа моделін енгізу және инновацияларды дамыту мен жаңашыл адамдарды өсіру үшін қолайлы орта қалыптастыру» деді Бақыт Сұлтанов.
Кездесуге қатысушылар Президенттің Жолдауында көрсетілген барлық салаларға қатысты мәселелерді талқылады. Атап айтқанда, олар «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бағытындағы ой-пікірлерімен бөлісті. Қала әкімі Бақыт Сұлтанов бұл бағдарлама алдағы 5 жылда 100 мыңнан аса азаматтарды баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін мәлім етті.
Қала активі елордамыздағы бизнес ахуалды дамыту мәселесін көтерді. Бұл бағытта іске асырылып жатқан жобалар жөнінде «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының астаналық филиалының директоры Абдолла Нұрсұлтан баяндады. Білім беру және денсаулық сақтау саласындағы қызметтердің сапасы туралы елордалық мектептердің басшылары мен балабақшалардың меңгерушілері әңгімеледі. Астана әкімі әр саладағы іс-шаралардың айрықша маңыздылығына тоқталды. Ол, әсіресе, денсаулық сақтау, білім беру салаларының азаматтар үшін қолжетімді болуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ, аулалық және ішкіорамдық аумақтарды абаттандыруға ерекше көңіл бөлуді тапсырды.

 

 

Тағыда

Төлен Тілеубай

«Астана ақшамы» газетінің шеф-редакторы

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button