Жаңалықтар

СУҒА ШОМЫЛҒАНДА САҚ БОЛЫҢЫЗ



Ертең суға шомылу маусымы басталады.

Алайда Есіл өзеніндегі судың температурасы – әзірге небәрі +14 градус. Бұл көрсеткіш +20 градусқа теңескенде ғана шомылуға рұқсат етіледі. Өкінішке қарай, оны ескермейтін елордалықтар да бар. Судың беті жылы болғанымен, асты салқын. Сондықтан адамның сіңірі тартылып, тыныс алуы мен жүрек соғысы тоқтап қалуы мүмкін. Осының кесірінен биылдың өзінде Астана қаласының 2 тұрғыны суға кетіп, қаза тапқан. Жалпы, суға кету фактілерінің 70 пайызы – мас күйде, 98 пайызы – тыйым салынған жерлерде шомылу себебінен болады екен.

Ботагөз МАРАТҚЫЗЫ




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button