#Жаңа Қазақстан

Тарихи маңызды мереке



Былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 25 қазан – Республика күні күнтізбеге ұлттық мереке ретінде қайта енді. Барша қазақстандықты еліміздің қайта жаңғырған ұлттық мерекесімен Қазақ ұлттық хореография академиясы ұжымының атынан шын жүректен құттықтаймын!

25 қазан – ел тәуелсіздігінің алғашқы қадамы, ең маңызды күн. Кез келген мемлекеттің дамуын көрсететін ғылым, білім, өнер ордасы – Қазақ ұлттық хореография академиясы ертеңгі ұрпақ мәселесіне баса назар аударып отыр. Егеменді еліміздің болашақ ұрпағына кәсіби дағдыны үйретіп қана қоймай, патриотизмге, еңбекқорлыққа және өз ісіне жауапты болуға, кемелдікке ұмтылуға тәрбиелейді. Білім ордасы елорданың ғана емес, тұтас елдің өнері мен мәдениетінің дамуына елеулі үлес қосып келеді. Қазіргі таңда академия – дарынды жастардың талантын ұштап, өнер әлеміндегі биікті бағындыруына жол салатын беделді оқу орнының бірі. Білім алушыларымыз бен түлектеріміз әлем деңгейіндегі өнер сайыстарында жүлделі орындардан көрініп жүр. Өнер ордасынан талай тарлан өсіп шығып, қанаттанған жүздеген түлек ел мүддесі үшін лайықты тер төгіп келеді. Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбегіңіз табысты, барлық бастамаңыз сәтті де нәтижелі, ал болашағымыз жарқын, еліміздің егемендігі баянды болсын! Халқымызға амандық, жерімізге тыныштық тілейміз!

Бибігүл НҮСІПЖАНОВА,

профессор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері,

Қазақ ұлттық хореография академиясының ректоры




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button