Қала тіршілігі

Тәртіп бар жерде тыныштық та болады



Әкімдіктегі апта сайынғы аппараттық кеңес­те қала тіршілігіне қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралды.

Биыл елордада жалпы ауданы 8,7 гектарды құрайтын 9 гүл бағы мен желек жол салынды. Бұдан бөлек, жыл соңына дейін ауданы 14,2 гектар болатын өзен жағасындағы саябақ пен ауданы 92 гектарды құрайтын Ботаника бағының құрылысы аяқталады. «Осылайша, 2018 жылы қаладағы көгалдандырылған аумақтың ауданы 115 гектарға ұлғайып, 15537 гектарды құрайтын болады. Мұнымен қоса, елорданың барлық аудандарындағы аулаларды абаттандыру жұ­мыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда Астанада 1,4 мыңнан астам аула бар. Олардың 300-ге тарта ауласы қалпына келтірілетін болады. Аталмыш жұмыстардың біраз бөлігі аяқталды» деп мәлімдеді кеңес барысында Ә.Исекешев.
Ыңғайлы әрі қолайлы инф­рақұрылымды қалыптас­тыру үшін елорда әкімдігі велосипедтік көлік және ин­фрақұрылымды дамыту жос­пары әзірленіп, бекітілді. Астана әкімі Әсет Исекешев­тің тапсырмасы бойынша алдағы бірнеше жылда елордада қаланың бар аумағын қамтитын 1717 шақырымдық веложолдар салынады. «Жыл соңына дейін ұзындығы 34 шақырымды құрайтын веложол пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Ол Есіл өзенінің аумағын қамтиды. Астананың орталық саябағынан басталатын жол жасыл белдеу аумағындағы веложолмен тоғысады. Бұл алаңның бір бөлігі бүгінгі таңда қолданыста. Қала тұрғындары өз игілігіне жаратып жатыр» деп атап өтті Ә.Исекешев.
Жаңа инфрақұрылымның сұранысқа ие екендігін ескере отырып, Астана әкімі қызыл түске боялған веложолдары бар барлық алаңдарда арнайы белгілерді орнатуды жүктеді. Қауіпті және оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында Астана әкімдігі елорда тұрғындары мен қонақтарын барлық демалыс орындарында тәртіпті сақтау­ға, жаңа жолдарды орынды пайдалануға шақырады.

 


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button