Жаңалықтар

Тәуелсіздік тартуы



Тәуелсіздіктің символына айналған елорданың бірегей ғимараттары Елбасының архитектуралық шешімдерімен жүзеге асқан.

[smartslider3 slider=1477]

Ел астанасын Алматыдан  Ақмолаға көшірудің негізгі бастамашысы Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев болды. 2003 жылы Елбасының The Wall Street Journal газетіне берген сұхбатында тілшінің «Жаңа астананы жобалауға қатыстыңыз ба?» деген сұрағына: «Мен әр ғимаратты, әр сәулет жобасын жобалауға қатыстым. Тіпті ғимараттардың түсін де… Мен сәулетшімін және одан ұялмаймын» деп жауап берді.

Жылдан жылға бас қала сұлу кейіпке еніп, түрленді. Шығыс пен Батыстың мәдениеті тоғысқан бірегей құрылыстар есебінен Қазақстанның брендіне айналды.

Салтанат қақпасы

«Мәңгілік Ел» салтанат қақпасы Тұңғыш Президент
Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2011 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай ашылды. «Алтын қиманың» дәл сақталуының арқасында монумент мінсіз үйлесімге ие. Оның қуыстарында ақсақал-данагөй, әйел-ана, ортағасырлық батыр, қазіргі заманғы жауынгердің көлемді қола мүсіндері орнатылған. Екі жағында Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі «Тайқазан» көшірмесі орнатылған. Сәулет құрылымының биіктігі – 20 м, бұл ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай ашылған.

«Бәйтерек» монументі

2002 жылы «Бәйтерек» монументінің ашылу салтанатында Елбасы бұл нысан болашақта елорданың және бүкіл Қазақстанның визит картасы болатынын мәлімдеді. Шынында да, «Бәйтерек» бүгінде елордамызды, мысалы, қызыл алаңдағы Мәскеу немесе Бостандық мүсіні бойынша Нью-Йорк сияқты қаланың негізгі көрікті жерлерінің бірі болып саналады.

«Бәйтерек» – Елбасының елордадағы сүйікті орны.

«Сүйікті орындарым көп. «Бәйтерек» әрине, маған өте қатты ұнайды. Бұл – ең әдемі және сүйікті орным. Ол жерге баруды ұнатамын» деді Тұңғыш Президент елорданың 20 жылдығы қарсаңында берген сұхбатында.

«Қазақ елі» монументі

Монумент 2009 жылы Тәуелсіздік алаңымен бірге ашылды.

«Қазақ елінің» биіктігі – АҚШ-тағы Бостандық мүсіні секілді 91 метр. Қазақстандықтар үшін монумент 1991 жылы Тәуелсіздікке қол жеткізудің символы болып саналады. Жалпы ауданы – 5 гектар, іргелес аумағы – 11 гектар. Төрт қола рельефте «Тұңғыш Президент және Қазақстан халқы», «Ерлік», «Жасампаздық» және «Болашақ» бейнеленген.

«Астана Опера» театры

«Астана Опера» – мемлекеттік опера және балет театры 2013 жылы салынған және Орталық Азиядағы ең ірі театр.

Ғимараттың сыртқы келбеті мен интерьерінде 33 елдің сәулетшілері, құрылысшылары мен мамандары жұмыс істеді. Елбасының өзі жобаға өз түзетулерін, тіпті аяқталу сатысында да енгізді. Оның ұсынысы бойынша негізгі театр фойесінің биіктігі ұлғайтылды.

«Астана Опера» «Бастилия операсы» мен «Мариин театры» секілді бірегей сахнаға ие. Жобаның бас сәулетшісі – Ренато Аркетти.

Бейбітшілік және келісім сарайы

 Халық арасында «Пирамида» деп аталатын Бейбітшілік және келісім сарайы 2006 жылдың
1 қыркүйегінде ашылды. Нұрсұлтан Назарбаев 2003 жылы Әлемдік және дәстүрлі діндердің I съезінде сарайды достықтың, бейбітшілік пен бірліктің нышаны ретінде ашуды ұсынды. Үш жылдан кейін съездің екінші отырысы жаңа ғимаратта өтті.

Нысан әйгілі сәулетші Норман Фостердің жетекшілігімен салынды. Пирамида алтын бөлім принципі бойынша салынған: биіктігі 62 метрге тең. Мұнда 1500 орындық концерттік-опера залы бар, оның ашылуында Монсеррат Кабалье өнер көрсетті.

Ал пирамидаға Қазақстанның этностарын бейнелейтін 130 көгершін бейнеленген үлкен шыны күмбез қойылған. Түнде күмбез жарқырап, әртүрлі діндердің, мәдениеттер мен халықтардың бірігуінің символын көрсетеді.




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button