ЖаңалықтарМәдениет

«ТӘУЕЛСІЗДІК ТОЛҒАУЫ» ТАЛАНТТАРДЫ ТАНЫТТЫ



ERA_6804

Конгресс-холда V Республикалық «Тәуелсіздік толғауы» кон­курсының және ХІ Республикалық «Елім менің» патриоттық әндер конкурсының лауреаттарын марапаттауға арналған гала-концерт өтті.

Отандық композиторлар мен дра­матургтердің, ақындардың шы­­ғар­машы­лығын қолдау, ұлттық опера, балет және музыка сала­сының бә­секелестігін арттыру мақ­сатында ұйымдастырылған кон­курс бірнеше номинацияға бө­лінді. Бәйгеде бағы жанғандар реті төмендегідей болды.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған ең үздік ән»: Бірінші жүлде – композитор Бейбіт Оралұлы, ақын Бақытжан Тобаяқов.

«Халық аспаптар немесе эстрада-симфониялық оркестріне жазылған ең үздік салтанатты шығарма»: Бірінші орын – композитор Ермек Умеров.

«Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы» аясында халықтар достығын бейнелейтін ірі және шағын көлемді ең үздік музыкалық шығарма: Бас жүлде – Рахат-би Әбдісағин, бірінші орын – композитор Бейбіт Дәлденбай.

«Ұлттық дәстүр мен мәдениет» тақырыбына арналған ең үздік графика туындысы»: Екінші орын – суретші Кураш Зульфикаров.

«Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы» аясында «Астана – бейбітшілік пен келісім қаласы» тақырыбына арналған ең үздік мүсін және монументальды өнер туындысы»: Бірінші жүлде  – мүсінші Өмірзақ Шанов.

«Ең үздік комедиялық шығарма»: Екінші жүлде  – Елен Әшімжан.

Ал «Елім менің» байқауында лауреаттар «Атамекен», «Аманат» және «Ән сал, сарбаз!» номинациялары бойынша анықталды. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, Астана қаласы мемлекеттік филармониясы симфониялық және халық аспаптар оркестрлерінің сүйемелдеуімен жеңімпаз атанған туындылардың тұсаукесері өтті.

Еркежан СӘТІМБЕК




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button