Жаңалықтар

Өскелең ұрпаққа қамқорлық

Гулшара

Таяуда Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның кезекті отырысы өтті.  

Осы жылдың қараша айында Мемлекет басшысы халыққа  «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында  арнады. Осыған байланысты пікріпін білдіріе келіп, «Осы басты құжаттың  бір сүйсінтетін тұсы – 2015 жылдан бастап жас отбасыларға бастапқы жарнасыз және пайыздық көрсеткіші төмен үйлер салуға 180 миллиард теңге қаражат бөлінетіндігі. Бұған қоса іскерлік белсенділікті арттыруға, халықты жұмыспен қамтуға, оның әлеуметтік ахуалын жақсартуға арналған нақты шаралар жүзеге асырылатын болады. Атап айтсақ, баспананы тікелей, делдалдарсыз және несиеге барынша төмен ұсыну, апатты мектептер мен уш ауысымды оқыту проблемаларын шешу және басқа да мәселелерді шешу арқылы біз отбасының және өскелең ұрпақтың сапалы өмірін қамтамасыз ете аламыз»  деді Г.Әбдіқалықова.

Сондай-ақ, Мемлекеттік хатшы бұл бағытта әйелдерді инфрақұрылымдық жобаларға тарту, ол үшін жағдай жасау біздің комиссияның басты мақсаттарының бірі болып табылатындығын да айтты.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button