Sport

ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ – ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫН



Кеше Астанада тоғызқұмалақтан ІV әлем чемпионаты басталды. Қыркүйектің 8-іне дейін жалғасатын халықаралық турнирге әлемнің 25 елінен 70-тен астам спортшы қатысып жатыр.

Әлемдік деңгейдегі ірі жарысты Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және Астана қаласы әкімдігі бірлесіп ұйымдастырды. Федерацияның президенті Әлихан Бәйменовтің айтуынша, тоғызқұмалақ адамзат өркениеті мен ұлт мәдениетінің дамуына айрықша үлес қосқан. Сондықтан да ол ұлттық ойынды дамытып, халықаралық дәрежеге көтеру үшін қыруар жұмыс жасалғанын тілге тиек етті.

– Зияткерлік ойындар – үздіктерді анықтайтын спорттық жарыс түрі ғана емес, өскелең ұрпақ тәрбиесінде, ұлттардың интеллектуалдық әлеуетін көтеруде ерекше феномен. Өйткені жүйелі және қисынды ойлау, білім мен ғылымға бейімділік негіздерін қалауда әрі ыждаһаттылық пен табандылыққа тәрбиелеу­де тоғызқұмалақ секілді зияткерлік ойындар таптырмас тәрбие құралы, – деді ол.

Оның айтуынша, тоғызқұмалаққа деген қызығушылық жылдан-жылға артып келе жатыр. Мәселен, биылғы чемпионатқа Австрия, Камерун, Польша, Украина сынды елдер тұңғыш рет қатысып отыр.

Серік  ЖОЛДАСБАЙ




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button