ЖаңалықтарҚала тіршілігі
ТӨЛ МӘДЕНИЕТТІҢ БАСТАҢҒЫСЫ
Астана қаласындағы Студенттік саябақта елорда күніне арналған «Жастар үні» акциясы өтті.
Әуелі ашық алаңда ұйымдастырылған асық ату сайысына жасы да, жасамысы да қатысып, бір мәз-мейрам болып қалды. Содан соң командалар ішінен іріктелген жоғары және орта арнаулы оқу орындары студенттерінен құралған топтар арасында қызықты әзіл, өнер сайыстары өтті. Белгілі эстрада жұлдыздары Қайрат Баекенов және «Формат» тобы, Дос, Күлайым Қайырбаева, Сон Паскаль, «Арт- домбыра» аспаптық триосы, «Viva» шоу-балеті өнер көрсетті. Жеңімпаздар диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ербол Тілешов өз сөзінде бұл шараның жастар арасында салмағы зор екенін, ұлттық тағылымнан сусындататынын, бір жағы қазақтың төл мәдениетін қайта жаңғыртуға септесетінін айтты.