ЖаңалықтарМәдениет

СУРЕТШІ МЕН ШӘКІРТТЕРІНІҢ СЫЙЫ

ERA_6417

Қазіргі заманғы өнер мұражайында Төлеуғазы Байғалиев пен оның шәкірттерінің Астана күніне арналған бірлескен көрмесі ашылды. Көрме маусым айының соңына дейін жалғасады.

Онда суретшінің 55 еңбегі көпшілік назарына ұсынылған. Соның ішінде «Ауылым», «Жасыбай көлінде», «Көлдегі таң», «Күз», «Кеш», «Жаңбыр бас­талды», «Алғашқы қар» сынды оншақты графикалық кескіндеме бар. Есептік көрмеге 23 оқушының акварель, гуашь, қарындаш және басқа техникаларда орындалған 45 суреті қойылды.

«Студия 2010 жылдан бастап жұмыс істейді. Балалар 5-18 жас шамасында. Оқушылардың жұмыстары түрлі техникаларда орындалған. Олардан ұстаздың оқушыларын бейнелеу өнерінің бар мүмкіндіктерімен таныстыруы және бар жан-тәндерімен өнерді сүюге үйретуге ұмтылысы сезіліп тұрады. Картиналардың авторлары – халықаралық, республикалық, қалалық көрмелердің қатысушылары және жеңімпаздары» дейді Т.Байғалиев.

Айта кетейік, Төлеуғазы Байғалиев – кескіндемеші және график, пейзаждар мен тақырыптық картина­лардың авторы, педагог. Қазіргі уақытта оның еңбектері Германия, Ресей, Корея, АҚШ, Қытай және Украина елдерінде жеке жидашылар қорында сақталуда.

Асхат РАЙҚҰЛ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button