ЖаңалықтарСаясат

Цифрлық платформаны кім әзірлейді?



Мәжілістегі Үкімет сағатында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин «Сбербанк»-пен арадағы меморандумға қатысты депутаттардың сауалдарына жауап берді.

[smartslider3 slider=442]

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров цифрлық платформаны құруға байланысты Ресейдің «Сбербанкі» арасындағы қойылған меморандум жұртшылық ішінде резонанс туғызғанын еске салды.  «Жобаны іске асыруға қатысты сұрақтар әлі біткен жоқ. Біз жобаны іске асыру әділеттілік принциптеріне сәйкес келуі керек деп есептейміз. Яғни цифрлық платформа бойынша нақты көрсеткіштері бар, тиісті техникалық тапсырма әзірленіп, жобада қазақстандық үлесті қамту жоғары деңгейде болуы керек. Қазақстанның цифрлық платформасын әзірлеуге халықаралық ашық тендер жарияланғаны абзал. Онда елдің цифрлық тәуелсіздігіне, азаматтардың деректерін қорғауға қатысты барлық талаптар белгіленуі қажет. Жобаны отандық цифрлық индустрияны дамыту мен әртараптандыруға қуатты серпін беретіндей етіп іске асыруға тиіспіз. Осы орайда нақты техникалық тапсырма бар ма? Жобаны жүзеге асыруға ашық конкурс қашан жарияланады?» деп сұрады депутат.
Бағдат Мусин бұл бағытта тиісті түсіндіру жұмыстары жүріп жатқанына тоқталды. «Нақты айтсақ, меморандумға қол қойылды. Ол ешқандай келісімшарт емес. Техникалық негіздеме мен техникалық құжаттама даярлау үшін зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. 15 желтоқсанға дейін зерттеу аяқталғаннан кейін, техникалық құжаттамаға көшеміз. Алдағы жылғы 15 ақпанға дейін техникалық құжаттаманы дайындаймыз. Сол техникалық құжаттама негізінде техникалық әрі экономикалық негіздеме әзірленеді. Осы рәсімдер жасалмай, ешқандай келісімшарт бекітілмейді. Екіншіден, платформаға тоқталсақ, біз бүгінге дейін жалпы осы технологияларды, яғни елімізде жасалмаған платформалардың арқасында цифрландыруды жүргіздік. Бірақ шетелдік платформаларды алып, өзіміздің қазақстандық мамандардың біліктілігімен қазіргі цифрландыру деңгейіне жеттік. Енді оны ары қарай ілгерілету үшін, проблемаларды шешу үшін жаңа платформалық модельге көшу керек екенін айтып жатырмыз. Сондықтан бұл қадамдар заңға сәйкес жүргізіледі. Осы бағытта талқылау жүріп жатыр. Осыған дейін қол қойылғаны – ол меморандум. Неліктен біз оған қол қойдық? Өйткені ашық кодтарды беруге ниетті қазіргі кезде тек сол платформа ғана болып тұр. Егер басқа да барлық технологиялары әрі біріктірілген бір платформасы барлар болса, сондай-ақ бізге ашық кодтарды берсе, өзіміз сол ашық кодтардың арқасында сүйемелдеу жұмыстарын жүргізе алсақ, онда оларды да қарастыратын боламыз» деп түсіндірді министр.
 


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button