ЖаңалықтарСаясат

Ынтымақтастық әлеуеті зор

Премьер-министр Асқар Мамин елімізге қазақстандық бизнес-форум мен Қазақстан – Венгрия стратегиялық кеңесінің V отырысына қатысуға келген Венгрия Премьер-министрінің орынбасары – қаржы министрі Михай Варганы қабылдады. Тараптар сау­да-экономика, қаржы-банк, инвестиция, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, АӨК, ТМК, жаңартылатын энергетика, фармацевтика, білім беру және басқа да салалардағы ынтымақтастықтың жай-күйі мен даму келешегін талқылады.

[smartslider3 slider=443]

Үкімет басшысы екі елдің ұлттық экономикаларын қалпына келтірудің жоғары қарқыны жағдайында Қазақстанның Венгриямен сауда-экономикалық қатынастары мен инвестици­лық ынтымақтастығының даму әлеуетін атап өтті. Қазақстан-Венгрия бизнес-форумы аясында медициналық туризм, агроөнеркәсіптік кешен, жаңартылатын энергетика, көлік және логистика, қаржы салаларында бірлес­кен жобаларды іске асыру бойынша уағдаластықтарға қол жеткізілді. Келіссөз барысында «Астана» халықаралық қаржы орталығы алаңындағы ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қазіргі уақытта АХҚО-да Венгрияның «EXIM» банкінің өкілдігі жұмыс істейді, Венгрияның басқа да қаржы-банк құрылымдарымен өзара іс-қимылды кеңейту жоспарда бар.
Биыл маусым айында Венгрия Қазақстанмен вакциналау паспорттарын өзара тану туралы келісім жасасқан алғашқы еуропалық ел болды. Осы жылғы қыркүйек айында Нұр-Сұлтан және Будапешт қалалары арасында тұрақты тікелей әуе қатынасы жаңартылды. Алматы қаласы мен Венгрия астанасы арасында тікелей рейстер ашу мүмкіндігі қарастырылып жатыр.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button