Жаңалықтар

Цифрлық телеарнаға көшеді



Нұр-Сұлтан қаласы 2021 жылдың 1 желтоқсанынан бастап цифрлық ­телеарнаға көшеді. Бұл үдеріс цифрлық эфирлік телехабарларды тарату жөніндегі жобаны іске асырудың төртінші кезеңі аясында өтеді.

[smartslider3 slider=648]

Цифрлық эфирлік телехабар тарату желісі бойынша қала тұрғындары мен қонақтарына цифрлық сападағы 25 телеарна қолжетімді. Сандық телеарнаға көшу көптеген арналарға жол ашады. Сонымен қатар ЦЭТВ сурет пен дыбыстың жоғары сапасын қамтамасыз етеді. Мұнда «аналогтан» айырмашылығы, кескін үзілмейді, дыбыс жоғалмайды. Бұл спутниктік немесе кабельдік теледидармен бірдей, бірақ сандық эфирлік хабар тарату түгелдей тегін. Оған қосылу үшін теледидар DVB-T2 сандық тарату стандартына сәйкес келетініне көз жеткізу керек. Абонент тек дециметрлік антеннаны қосуы тиіс. Егер теледидарда DVB-T2 стандарты болмаса, онда цифрлық сигнал қабылдағышын сатып алады.

 


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button