Ел тынысы

Түнде қаладан 31,9 мың текше метр қар шығарылды

Астанада қар тазалау жұмысына 2,4 мыңнан астам жол жұмысшы жұмылдырылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 

Елордалық коммуналдық қызметтер қар күреу бойынша күшейтілген жұмысты жалғастыруда. 28 ақпан күні таңертең қаланы тазалауға 2,4 мыңнан астам жол жұмысшы мен 1,2 мыңнан астам арнайы техника шықты.

27 ақпаннан 28-іне қараған түні қаладан 31,9 мың текше метр қар шығарылды, бұл 2,3 мыңнан астам ауыр жүк көлігін құрайды.

Қыс мезгілінің басынан бері елордадан 400 мыңға жуық рейс арқылы полигондарға 5,4 млн текше метр қар шығарылды.

Тұрғындардың қауіпсіз жүруі үшін күн сайын тротуарларға, жолдар мен алаңдарға құм-тұз қоспасы себіледі. Сонымен қатар, коммуналдық қызметкерлер тротуарлардың мұзын қолмен тазартады.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button