Тұрғын үй тұрақты бақылауда
Қала әкімінің орынбасары Сергей Хорошунның төрағалығымен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.
Отырыс барысында «ИСК АСИ» ЖШС басшысы С. В. Котляровтың «Шығыс», «Жағалау-3» және «Жағалау-4» тұрғын үй кешендерінің құрылысын аяқтау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстары туралы өтініші назарға алынды.
«Жағалау-3» ТК 30-секция №3 блогында әрлеу жұмыстары аяқталды. Енді 15 қыркүйекке дейін бөлмеаралық есіктер монтаждалып, есептегіш құралдары, санфаянс пен жылу торабы орнатылады. Нысан 2016 жылдың 25 қыркүйегінде пайдалануға беріледі.
Ал секцияның №5 блогында қасбетті және төбені жөндеу жұмыстары бітіп, витраждарға шыны қойылып жатыр. Таза әрлеу жұмыстарын 15 қазанға дейін аяқтау көзделген. Нысан 2016 жылдың 30 қазанында тапсырылады.
«Стройкласс» ЖШС өкілі 1 қарашаға дейін «Алтын босаға» тұрғын үй кешеніндегі құрылысты аяқтау және жер учаскелерінің иелеріне өтемақы төлеу мәселесін шешу бойынша қаулы алуға құжаттар әзірленіп жатқанын мәлімдеді.
Комиссия мүшелері бүгінде «Светлый» ТК салынатын жер учаскелерін рәсімдеу жөніндегі мәселелердің шешілмегенін атап өтті.
«Арыстан» ТК («НМ Астана Құрылыс» ЖШС) қатысты жұмыс өндірісінің кестесі мен қаржыландыру көздері көрсетілген іс-шаралар жоспарын ұсыну тапсырылды.
«Зере-1» , «Зере-2» ТК құрылысы да талқыланды. «КазГазАстана» ЖШС директоры инвесторларға құрылысты аяқтауға арналған ақша қаражатының түскенін растайтын құжаттарды көрсетпей, ВАК ұсыныстарын орындамаған.
Салушысы «Номад Строй ЭК» ЖШС болып табылатын «Есіл-2» ТК бойынша «Есіл-2» ТК ТҚК жер учаскелерін қайта рәсімдеу бойынша ВАК ұсыныстары орындалған жоқ. Сонымен қатар, 188-көшедегі және «Есіл-1» тұрғын үй кешендері пайдалануға берілмеген. Құрылыс жүргізуге дайындау үшін Сәулет және қала құрылысы басқармасына құжаттама толық көлемде тапсырылмаған.
Комиссия ТҚК өкілдеріне «Есіл-2» ТК және «Фьючи Хом» ТК сатылған және бос аудандар туралы ақпаратты ұсынуға кеңес берді. «Есіл-1» ТК қатысты 5 қыркүйекке дейін «Астана су арнасы» АҚ мен «Астана-Теплотранзит» АҚ ескертулерін жою тапсырылды.
Мұнымен қоса, комиссия мүшелері «Жастар-4» ТК салушысы «Бақыт-11» ЖШС директорының ағымдағы жылдың 31 тамызында 100 млн теңге мөлшерінде несие займының бірінші траншының келіп түскені туралы өтінішін қабылдады, мұны растайтын құжаттарды Астана қаласының ІІД ұсыну қажет.