Жаңалықтар
ҰБТ ТАЯП ҚАЛДЫ
Астана қаласы бойынша биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу 1-15 маусым аралығында Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, Қазақ гуманитарлық заң университеті және С. Сейфуллин атындағы агротехникалық университеті базасында өтеді. Жергілікті атқарушы органдар мен министрлік тестілеудің ыңғайлы әрі сәтті өтуі үшін ҰБТ барлық пункттерінде қажетті жағдайлар жасайтын болады.
Бүгінгі таңда қаладағы барлық мектептерде түлектердіаса маңызды білім сынағына дайындау мақсатында жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар жеке оқытушылар арқылы білімін жетілдіріп жатқандар да бар.
Астана қаласы Білім басқармасының мәліметі бойынша, биыл елорда мектептерін 4 440 оқушы бітіреді. Олардың ішінен 186 оқушы – «Алтын белгіге», 120 оқушы ерекше үлгідегі аттестат алуға үміткер болып отыр.