Білім

Үздік педагогтар анықталды

Астанада «ҮЗДІК ПЕДАГОГ – 2023» республикалық байқауы мәресіне жетіп, елордалық үздік педагогтар жарияланды.

– Астана білімі үшін қуанарлық жайт – биыл елордадан 6 «Үздік педагог» шықты. Атап айтсам, 3 мектептің ұстазы, 2 колледждің, 1 балабақшаның ұстаздары жеңімпаз атанды, – дейді Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев.

ІІІ кезең қорытындысы бойынша «Үздік педагог – 2023» республикалық байқауының жеңімпаздары атанған елордалық педагогтар:

–  №46 балабақша-мектеп-гимназия кешенінің тәрбиешісі Елена Иванова;

–  № 8 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Серіккүл Сексенбаева;

– № 93 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нұргүл Даривхан;

– Қаныш Сәтбаев атындағы BINOM SCHOOL-мектеп-лицейінің математика пәнінің мұғалімі Салтанат Төлегенова;

– Кәсіптік-техникалық колледжінің өндірістік оқыту шебері Серік Тұранов;

– Қоғамдық тамақтану және сервис колледжінің өндірістік оқыту шебері Күнсұлу Халиди.

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» болып, абырой биігіне көтерілген үздік елордалық ұстаздарды жеңістерімен құттықтаймыз!

Тағыда

Гүлшат Сапарқызы

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі, ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button