Жаңалықтар

Ұлттық тағамдар ұсынады



IMG_4839

Бүгін «Қазақ елі» монументінің алдындағы алаңда Қазақстан халқы­ның бірлігі күнін мерекелеу барысында ұлттық тағамдар жәрмеңкесі өтеді.

Елордада тұратын 15 ұлт өкілдері өздерінің ұлттық тағамдарын көпшілікке ұсынатын болады. Бұл күні алаңға келген қала тұрғындары мен қонақтарына «Жібек жолы» және «Кореан Хаус» мейрамханалары ас әзірлейді.

Сонымен қатар, еліміздің түкпір-түкпірінен, ТМД және Германиядан, Үндістаннан, Қытайдан келген шығармашылық ұжымдардың 700-ден аса әртісінің қатысуымен концерт ұйымдастырылады, қолданбалы өнер мен бұйымдар көрмесі өтеді. Сондай-ақ, арқан тарту, қол күресі, кір тасын көтеру, тоғызқұмалақ және басқа бұқаралық спорт түрлері бойынша сайыстар өткізіледі.




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button