Жаңалықтар

ЫНТЫМАҚТАСҚАННЫҢ ЫРЫСЫ МОЛЫҒАДЫ



«27 маусымда Миланда қазақстандық-италиялық бизнес форумы аясында Астана қаласы әкімінің орынбасары Нұрәли Әлиев Италия өнеркәсібі өкілдерімен және Венгрия басшылығымен ынтымақтастықты одан әрі нығайту жөніндегі бірнеше кездесу өткізді» деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.

Кездесуде Қазақстан машина жасау­шылар одағы, италиялық «ANIMA» машина жасаушы және өнеркәсіп ассоциациялары федерациясы мен Астана қаласының әкімдігі арасында машина жасау және өнеркәсіптік өндіріс салаларындағы өзара ынтымақтастық туралы үш жақты келісімге қол қойылды. Аталған келісім шеңберінде Астананың индустриялы аймақтарын дамыту көзделген. Бұл елордаға тікелей шетел инвестицияларын тартады.
Сондай-ақ, 29 маусымда Будапешт қаласының мэриясының шақыруымен Нұрәли Әлиев Венгрия астанасына барды. Ресми сапар барысында Н.Әлиев Будапешт мэрінің орынбасары Габор Багдимен кездесті. Тараптар екі астананың урбанистикалық даму, әсіресе, қоғамдық көлік саласында ынтымақтастықты кеңейту, «Smart city» инновациялық технологияларын, сондай-ақ, ақылы көлік тұрақтарын дамыту жөніндегі көптеген мәселелерді талқылады.
Сонымен қатар, Н.Әлиев Венгрияның Ұлттық экономика министрі Михай Варгамен кез­десті. Кездесуде венгер ком­па­ния­ларының «Астана ЭКСПО-
2017» халықаралық маман­дан­дырылған көрмесіне қатысу мәсе­лесі талқыланды. Тараптар бұған дейін қол жеткізілген ауыл шаруа­шылығындағы жобаларды қаржы­ландырудың бірлескен қорын құру
туралы келісімдерді іске асыру, қаланы сумен жабдықтау, қосалқы бөлшектер шығару, жиһаз жасау және басқа да салаларда ынтымақтастық орнату мүмкіндіктерін қарастырды.
Бұған қоса, Н.Әлиев ұлттық даму министрі Миклош Шестакпен екі жақты кездесу өткізді. Келіс­сөздер барысында Шестак мырза Венгрияның Астанадағы «EXPO-2017» көрмесіне қатысатынын жеткізді. Тараптар жоғары технологиялар, энергетика, көлік салаларында ынтымақтастық орнату келешегін, венгер ақылы жолдар жүйесін пайдалану, сондай-ақ, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағ­дар­ламасы аясында Қазақстанда инфра­құрылымдық жобаларды жүзе­ге асыру жайын сөз етті.




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button