Қала мен Сала
Жәрмеңкеде – баға төмен
![](https://astana-akshamy.kz/wp-content/uploads/2023/03/dsc_2612-780x470.jpg)
Елордалық және өңірлік тауар өндірушілердің қатысуымен бас қалада жылдың алғашқы азық-түлік жәрмеңкесі ашылды.
4-5 наурыз күндері өткен жәрмеңкеде қала тұрғындары мен қонақтарына қолжетімді бағамен сиыр еті, жылқы еті, қой еті, тауық еті, сүт өнімдері, көкөністер, жемістер, басқа да азық-түлік өнімдері ұсынылды.
Астана қаласының, сондай-ақ өңірлердің кәсіпкерлері өнімдерін сатуға арналған жәрмеңке әр демалыс күндері Сауран көшесі, 7 мекенжайында сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Барлық өнім нарықтан 10-15 пайызға төмен бағамен сатылады. Алдағы уақытта қаланың басқа жерлерінен де жәрмеңке ұйымдастыру жоспарланып отыр.