Жаңалықтар

Жаңа отандық вакцина



Биологиялық қауіпсіздік ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары тағы бір қазақстандық QazCoVac-P вакцинасын клиникалық сынақтан өткізудің екінші сатысын бастағанын мәлім етті.

Коронавирусқа қарсы шығарылған жаңа отандық екпе 200 адамға егіледі. Ғалымдар препараттың инфекциядан қаншалықты қорғайтынын, сондай-ақ қауіпсіздік деңгейін бақылап көреді. Осы вакцинаның әсері барынша жеңіл болады деген жоспар бар.
Институтта QazCoVac-P вакцинасымен қоса тағы екі векторлық вакцина жасалып жатыр. Ал «дельта» штамның негізіндегі екпе дайын тұр. QazVaс екпесі де осы институтта жасалған болатын. Осы уақытқа дейін осы вакцинаның 1 миллион 700 мың дозасы пайдаланылса, жыл соңына дейін тағы 1 миллион 300 мың дозаны өндіру жоспарланып отыр.
 
 
 
 
 
 
QazCoVac-P екпесі – инактивті вакциналарға ұқсас препарат. Оның құрамында тірі вирус жоқ. Сол себепті ол қауіпсіз вакцина болып саналады.
 


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button