#Жаңа Қазақстан

Жаңа Қазақстанның айрықша символы



– Республика күні Жаңа Қазақстанның айрықша символы болмақ. Бұл – Егемендік декларациясын алғаш рет демократиялық түрде Жоғарғы Кеңестің бекіткен күні. Құжатта территория тұтастығы, оның бөлінбестігі анықталып, мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот билігі принциптері жазылды. Осылайша 1990 жылы сәуірде президенттік басқаруды енгізді. Осы жұмыстардың басы-қасында болып, Алаш мұраларын ақтау жұмыстарын қолға алған, тәуелсіздікке себеп болған мемлекет және қоғам қайраткерлерін ұлықтау қажет. Сол кеңестегі депутаттармен кездесіп, декларацияның қалай қабылдағанын талқылау маңызды. Осы ретте білім ұйымдарында, медиада тарих тұлғаларымен арнайы кездесулер өткізуді ұсынамын. Сонда әділетті Қазақстан жаңғыру жолымыздың идеясы айқындала түспек. 25 қазанда Қазақстан халқының достығы, төзімділігі, жеткен жетістігі, ұлттық стратегиялық мүддесі мейлінше насихатталып, патриоттық, бүгінгі Қазақстан патриоттығын айқындайтын факторлар әлемге паш етілуі тиіс деп ойлаймын.

Тәуелсіздік декларациясын жарияладық, Конс­титуция­мызды қабылдадық, ұлттық стратегия­лық мүдделерімізді анықтадық. Сондықтан бұл құжаттың маңызын кетіруге болмайды. Оны бірінші кезекке қоюымыз керек. Бұл күн тәуелсіздігіміздің күні болуы тиіс. Нақтырақ айтқанда, 25 қазан тәуелсіз республика декларациясы қабылданған мейрам күні болуы керек. Ал 16 желтоқсанда ыңғайсыз жағдайға тап боламыз. Бір жағынан – мейрам, бір жағынан – трагедия. Бұл күні қуанайын десең қанды оқиға есіңізге түсіп, көңіліңіз жабырқайды. Сондықтан меніңше, 16 желтоқсан – Желтоқсан көтерілісі күні ретінде аталып өтетін болса.

Республика күнін тойлау мәселесіне келер болсақ, бұл саяси мейрам ғой. Сондықтан осы күні Қазақстан елі, жері, рәміздері, Президент жайлы, президенттік басқару туралы қысқаша деректер БАҚ арқылы беріліп жатуы керек. Ірі тұлғалар, қоғам қайраткерлері қалың бұқараға тәуелсіздіктің мәнін, осы ұғымды тереңнен, тарихи тұрғыда талдап беруі қажет.

Асхат Налшыбек,

Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі:




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button