#Жаңа Қазақстан

Жаңа саяси дәуірге бастайтын қадам



– Былтыр маусым айында өткен бүкілхалықтық референдумда халқымыз Мемлекет басшысының Әділетті Қазақстан орнату мақсатымен ұсынған конституциялық реформасын толығымен қолдағаны мәлім. Тіпті Қазақстандағы саяси іс-шараларға әдетте сыни көзбен қарап, сенімсіздік білдіріп тұратын Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтас­тық  жөніндегі ұйымның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының (ЕҚЫҰ/ДИАҚБ) референдумды байқау миссия­сы (РБМ) өзінің қорытынды есебінде: «Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың «Жаңа ­Қазақстанды», соның ішінде президенттіктің ықпалын азайтып, басқа институттарды нығайту мақсатында мемлекеттік билікті қайта бөліп теңестіру жөніндегі ұсыныстарын қолдауына арнап ұсынылған Конституцияның 33 бабына өзгерісті бекіту жөніндегі референдумды міндетті түрде өткізуге шақырды. Қаңтар оқиғалары кезіндегі саяси сілкіністер мен зорлық-зомбылық әрекеттерден кейін қолға алынған конституциялық өзгерістер енгізу бастамасына ЕҚЫҰ/ДИАҚБ РБМ мүшелері сөйлес­кен адамдардың көбі қолдау білдірді деп атап көрсетті».

Сондай-ақ 7 жыл – кез келген сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыру үшін жеткілікті мерзім. Мемлекет басшысының Республика Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу бастамасы қисынды шешім болды. Парламент депутаттарының алдында «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауын жариялаған ­Президент «Конституциялық реформа Жаңа, Әділетті ­Қазақстанды құру жолындағы аса маңызды қадам болды. Еліміздегі саяси жаңғыру енді экономикалық өзгерістерге ұласуға тиіс. Мен биылғы күзде кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді ұсынамын. Әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа сенім мандаты қажет» деп мәлімдеді.

Мемлекет басшысы ұсынған тағы бір тосын да өте маңызды жаңашылдық – Президент мандатының ұзақтығын 7 жылдық бір мерзіммен шектеп, оның қайта сайлануына тыйым салу. Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл шешімін Парламент депутаттары да, бұқара да қолдады. Себебі екі мерзімге сайлану мүмкіндігі бар Мемлекет басшысы жоғарғы билік тізгінін қолына алысымен мемлекеттің стратегиялық міндеттерін іске асыруға жан-тәнімен жұмылудан гөрі келесі сайлаудың қамын көбірек күйттеп, «пиармен», яғни өзіне жарнама жасаумен айналысып кететінін Еуропаның кейбір елдерінің мысалынан көріп жүрміз. Ал 7 жыл – кез келген сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыру үшін жеткілікті мерзім. Осы жаңашылдық бір адамның елді басқаруының максималды ұзақтығын үш жылға (10 жылдан 7 жылға дейін) қысқартатыны да көңілге қонады.

Кәрібай

МҰСЫРМАН,

журналист,

қоғам қайраткері




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button