Басты ақпарат

Жаңа үкімет жасақталды



Мемлекет басшысы Нұрсұл­тан Назарбаев Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы туралы Жарлыққа қол қойды.


Асқар Мамин Қазақстан Республикасының Премьер-министрі болып тағайындалды. Үкімет басшысының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалған Әлихан Смайылов Қаржы министрлігінің де тізгінін қоса ұстайтын болды. Премьер-министрдің орынбасарлары болып Жеңіс Қасымбек пен Гүлшара Әбдіқалықова бекітілді.
Бұрынғы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі таратылды. Оның орнына құрылған жаңа екі ведомство – Ақпарат және қоғамдық даму министрлігін – Дәурен Абаев, ал Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігін Асқар Жұмағалиев басқарады.
Ұлттық экономика министрі болып – Руслан Дәленов, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі болып – Бердібек Сапарбаев, Білім және ғылым министрі болып – Күләш Шәмшидинова, Ауыл шаруашылығы министрі болып – Сапархан Омаров, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болып Роман Скляр тағайындалды.
Арыстанбек Мұхамедиұлы – Мәдениет және спорт министрі, Елжан Біртанов – Денсаулық сақтау министрі, Қанат Бозым­баев – Энергетика министрі, Бейбіт Атамқұлов – Сыртқы істер министрі, Нұрлан Ермекбаев – Қорғаныс министрі, Ерлан Тұрғымбаев – Ішкі істер министрі, Марат Бекетаев Әділет министрі қызметтерінде қалды.
Мұнымен қоса, Елбасы Жарлы­ғымен Ұлттық банк төрағасы қыз­метіне Ерболат Досаев тағайындалды.




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button