Елорда тынысы

Жаңа заңды талқылады



Астана қаласы әкімдігінде әкім орынбасары Ерлан Бекмұрзаевтың төрағалығымен өткен кеңесте «ҚР азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы» ҚР заңының негізгі қағидаттары талқыланды.

Аталған заң рәсімдердің 3 түрін қарастырады: соттан тыс банкроттық, сот банкроттығы және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру. Барлық үш процедураны тек борышкердің өзі бастайды, яғни несие берушінің борышкердің банкроттығын беруге құқығы жоқ. Соттан тыс банкроттықты тек банктер, МҚҰ және коллекторлық агенттіктер алдындағы қарыздар бойын­ша қолдануға болады. Бұл рәсім «электрондық үкімет» веб-порталында ресімделеді. Сот банкроттығының мақсаты – банкроттың мүліктік массасы есебінен кредиторлардың талаптарын барынша қанағаттандыру. Егер жалғыз тұрғын үй кепіл нысанасы болса, онда кредитор оны сот банкроттығы барысында алып қоюға құқылы. Ал жалғыз тұрғын үй кепіл болмаса, несие берушілер оны талап ете алмайды. Қалған өтелмеген сома борышкердің жосықсыз белгілері болмаған жағдайда есептен шығаруға жатады. Үшінші рәсім – төлем қабілетін қалпына келтіру, сотта қарыз­дарды төлеуге бөліп-бөліп төлеу мүмкіндігін тұрақты табыс болған жағдайда көздейді. Қалпына келтіру жоспары қаржы басқарушысымен бірлесіп әзірленеді және сотта бекітіледі. Бұл процедураның артықшылығы – одан кейін адам «банкрот» мәртебесін алмайды, сондықтан оған банкрот үшін көзделген салдар қолданылмайды.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button