Елорда тынысы

Кім тегін жүреді?

2023 жылдың қаңтар айынан бастап елордада қоғамдық көлікте жол ақысын төлеуден босатылатын азаматтардың жеңілдетілген санатының саны артты.

Енді бұл жеңілдікті «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын оңалту туралы» Қазақстан Рес­публикасының заңында белгіленген тәртіппен ақталған 1986 жылғы ­17-18 желтоқсандағы Қазақстандағы оқиғаларға қатысушылар қатарынан саяси қуғын-сүргін құрбандары да ала алады. Сондай-ақ қалалық маршруттарда мына санаттағы тұрғындар тегін жүре алады:

1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар;

2) жасы және еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнеткерлер, сондай-ақ жасы бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша зейнеткерлік жасқа толған мемлекеттік әлеуметтік жәрдем­ақы алушылар;

3) көпбалалы аналар;

4) көпбалалы отбасылар;

5) мүгедектігі бар адамдар;

6) он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар, оның ішінде ата-анасының бірі (заңды өкілдері);

7) «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын оңалту туралы» Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен ақталған 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Қазақстандағы оқиғаларға қатысушылар қатарынан саяси ­қуғын-сүргін құрбандары.

Жеңілдікті көлік картасын орталық кассада (Р.Қошқарбаев даңғылы, 50/1 мекенжайы бойынша) ресімдеуге немесе cts.gov.kz сайтында онлайн өтінім беруге болады.

Жеңілдікті картаны сатып алмас бұрын нақтылау үшін iKomek бірыңғай байланыс орталығына 109 нөмірі бойынша хабарласуға болады.

Жалпы 2020 жылдың наурыз айынан бастап елорданың барлық кәмелетке толмаған тұрғындары қоғамдық көлікте жол ақысын төлеу­ден босатылды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button