Елорда тынысы

Суицидтің алдын алды

Елорда полицейлері 24-қабаттан секірмек болған ер адамды құтқарып қалды.

Полицияның «102» арнасына түн ортасында Сарайшық көшесінде көпқабатты үйдің балкон қор­шауында ер адамның отырғаны және оның секіруге әрекеттенгені туралы ақпарат түсті. Оқиға орнына Ержан Айса мен Нұрсұлтан Егембай атты полиция қызметкерлері бастаған Астана ­қаласы ПД патрульдік полиция полкінің жасағы дереу жіберілді.

Оқиға орнына келген полицейлер балкон қоршауынан еңкейіп, төменге секірейін деп отырған адамды көрді. Жағдайды бақылаған тәртіп сақшылары тез арада жоғары көтерілді. Оларды байқаған ер адам өзіне жақындамауды ескертіп, айқайлай бастады.

Полицейлер ер адаммен диалог құруға тырысып, оның алданып тұрған сәтін пайдаланып, ұстап үлгерді. Кейін олар ер адамды қауіпсіз жерге апарып, стрестік жағдайды шешуге көмектесіп, тыныштан­дыр­ды. Секірмек болған ер адам Есіл ауданының Полиция басқармасына жеткізілді. 28 жастағы азаматтың мұндай іс-әрекетке не итермелегені анықталып жатыр. Осы мақсатта психологтармен бірлесіп профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button