Басты ақпаратЕлорда тынысы

Елордалық еріктілер көмегі

Қайтарымсыз қайырымдылық жасаудан елорда­лық еріктілер алдына жан салмай келеді. Биыл жауған қалың қар әсіресе егде жастағы адамдарға көптеген қиындық тудырғаны мәлім. Осыған байланысты елордалық зейнеткерлерге еріктілер көмекке келді. Ауқымды акцияға «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері және жастар ұйымдарының өкілдерінен құралған 130-ға жуық ерікті қатысты.

«Біз осындай іс-шараларға үнемі қатысамыз. Еріктілер, әсіресе, қарт адамдарға көмектесуді өзіне парыз санайды» деді «Жас сарбаздың» елордалық филиалының төрағасы Асхат Налшыбек.

Еріктілер осы іс-шараны Астана қаласы Байқоңыр ауданы әкімінің аппараты, «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы және елордалық Жастар саясаты мәселелері басқармасы қолдауымен ұйымдастырды. Аумақтарды тазарту Анар көшесінің бойында жүргізілді. Акцияның барлық қатысушылары қажетті құрал-жабдықпен қамтамасыз етілді.

Қыс мезгілінің басынан бастап коммуналдық қызметтер қаладан 113 мыңнан астам жүк көлігіне тең (бұл 1,4 миллион текше метрден астам) қар шығарды. Қаланың коммуналдық қызметтері кешкі және түнгі уақытта да күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button