Басты ақпаратМәдениет

Қадыр ақын мұрасы

Қадыр Мырза Әлі атындағы Binom School мектеп-лицейінде көрнекті ақын, Қазақстанның халық жазушысы Қадыр Мырза Әлінің туған күніне арналған «Заманауи білім беру жүйе­сінде Қадыр мұрасы» атты республикалық ғылыми-­әдістемелік конфе­ренция өтті.    

Конференцияның мақсаты – Қадыр Мырза Әлінің шығарма­шылық мұрасын таныту, мектептің педагогикалық ұжымы енгізетін «Аманат» тұжырымдамасының құндылығын Қадыр мұралары арқылы сіңіру.

Пленарлық бөлімінде құттықтау сөзін мектеп директоры Ә.Мақышева мен конференцияның құрметті қонақтары Астана қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары
А.Амангелдиева, «Білім болашағы» қорының атқарушы директоры Ш.Қадырова, Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» директорының міндетін атқарушы  С.Дәуешова сөйледі.

Секциялық жұмысқа Астана қаласының педагогтары мен рес­публиканың басқа өңірлерінен жалпы 70 мұғалім қатысты. Онлайн форматта Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда қалаларынан ұстаздар қосылды. Жұмыс үш секция бойынша ұйымдастырылып, танымал ақынның мұрасы әр қырынан қарастырылды. Соңында педагогтар  І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар мен сертификаттармен марапатталды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button