Тәуелсіздікке 30 жыл

Жаңғыру мен жаңару нышаны



Тәуелсіздіктің 30 жылдығы елдігімізді айқындаған сындарлы жылдар болғаны ақиқат. Бүгінде Қазақ елін бүкіл әлем біледі. Сол елдігімізді айшықтаған бір жеңісіміз жаңа астанамыздың бой көтергені дер едім.

[smartslider3 slider=1489]

Нұр-Сұлтан – қазақ халқының мыңдаған жылдар бойы армандаған астанасы. Қазақстанның жаңа ғасырдағы жарқын келбеті – жаңғыру мен жаңаруының нышаны. 1998 жыл ел тарихында астананы Алматыдан Ақмолаға көшірумен ерекше орын алды. Сол тұста Елбасының бұл шешіміне қарсы келгендер де, құптағандар да болды. Сәулетші ретінде мен астананың көшуін дұрыс деп санадым. Ол кезде Ташкентте тұратын едім. Ел астанасының Ақмолаға көшіп жатқанын ести салысымен Алматыға қайту жоспарымнан айнып, бірден осы жаңа бас қаламызға келдім. Қала құрылысының бас жоспарына да бір кісідей атсалыстым.

Бас шаһарымыз тоғыз жолдың торабында орналасқан. Мемлекет басшысының тапсыр­масымен қазақстандық архитекторлар Нұр-Сұлтан қаласының бас жоспарына уақыт өте келе өзгерістер мен тың жаңалықтар енгізді. Өңірдің экологиялық жүйесімен қала құрылысының бірегейлене салынуына басты назар аударылды. Елорданың бас архитекторы – Елбасы өңірдің табиғи жағдайларын, ауа райының құбылмалығын ескере келіп, қала маңында жасанды орман алқабын қалыптас­тыруды күн тәртібіне қойды. Мұндай шара басқа мемлекеттерде мүлдем жоқ.

Астана келбеті – ұлт келбеті. Мұнда сан ғасырлық бай мәдениетіміз бен рухани және заттық жәдігерлеріміздің басы қосылып жатыр. Одан кейін Астананың тағы бір айрықша ерекшелігі, заманмен үндес зиялы қауымның жаңа ортасы қалыптасты.

Жандарбек МӘЛІБЕКОВ,

сәулетші,
ҚР Елтаңбасының авторы




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button