Денсаулық

Жарты жылды қорытындылады



 Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бірін­ші жарты жылдықты қорытындылауға арналған алқа отырысында басқарма басшысы Қамалжан Надыров атқарылған жұмыстар жайына есеп берді. 

Денсаулық сақтау саласын цифр­ландыру Кеңестің өзекті мәселелердің бірі ретінде қаралды. Басқарма бас­шысының мәліметі бойынша бүгінде барлық медициналық ұйым 100 пайыз интернет желісіне қол жеткізген.
Барлық ведомстволық медициналық ұйымдарда медициналық ақпараттық жүйелер орнатылған. Барлық персонал – бұл 8 мыңнан астам адам компьютерлік сауаттылыққа және медициналық ақпараттық жүйелер жұмысына оқытылды, – деді Қамал­жан Надыров.
Құжаттарды цифрландыру нәти­же­сінде 780 мыңнан астам меди­циналық құжат электрондық фор­матқа ауыстырылып, осылайша астаналықтардың 93 пайызы элек­трондық денсаулық паспортын алды.
Қаламызда бала туу көрсеткіші де жоғарылап келеді. Осы жарты жылдықта 13 974 сәби дүниеге келген, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда туу көрсеткіші 360 сәбиге артқан. Осы аралықта 60 мың сырқат жан тегін дәрі-дәрмекпен қамтылып, өткен жылдың осы мезгілімен салыстырғанда 10 мың жанға артқан.
Елорда медицина саласының кемшін тұстары да жетерлік. Мемлекеттік бағдарламаның 36 көрсеткішінен ана өлімі, қатерлі ісікпен сырқат жанның бес жылдық өмір ұзақтығы, қатерлі ісіктен өлім-жітім, туберкулезден өлім-жітім бойынша көрсеткіштері төмен.
Отырыс соңында Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев елордалық емханалар мен ауруханалар бойынша айтылған ескертулерді жою бойынша бірқатар нақты шаралар қабылдауды ұсынды.

 


Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button