Қала мен Сала

Астанадан ауылға дейін…

Астана

Астана қалалық Денсаулық сақтау басқармасы 80 мыңнан астам медициналық құжатты электронды форматқа ауыстырды. Осы арқылы қала тұрғындарының 93 пайызы электрондық денсаулық құжатына қол жеткізді. Бүгінде барлық медициналық ұйым 100 пайыз интернет желісіне қосылған.

Алматы

Оңтүстік мегаполис басшылығы биылғы жылы қоғамдық көліктердің 80 пайызын жаңартады. Бұл қаланың автобус паркіндегі 1560 автобустың түгелге жуығы өзгертілетінін білдіреді. Өткен жылы шаһарға 479 автобус әкелінген болса, оның 80 пайызы жергілікті бюджет арқылы сатып алынған. Ал биыл 569 автобус жеткізу жоспарланса, оның 65 пайызын жеке компаниялар әкеледі.

Түркістан облысы

Түркияның Dal Holding Investment CO. компаниясы облыстың Түркістан және Кентау қалаларында құрамдастырылған жылыжай кешенін салуды жүзеге асырады. Ол 200 гектардан астам жерде жылыжай шаруашылығын дамытып, онда өсірілген өнімнің 80 пайызын экспортқа шығарады. Облыста бұған дейін 1250 гектардан астам жылыжайлар бар еді. Оның 50 пайызынан астамы Сарыағаш ауданында орналасқан.

Павлодар облысы

Облыста жергілікті бюджет есебінен студенттерге білім беру гранттары берілетін болды. Олардың 65-і педагогикалық мамандықтарға, 35-і техникалық және 50 грант жоғары және жоғары білімнен кейінгі білімі бар мамандарға бөлінді. Конкурсқа барлығы 285 өтініш келіп түскен. Олардың ішінде мемлекеттік тілде білім алу үшін – 211, орыс тілінде білім алу үшін 74 өтініш тіркелген.

Қостанай

Қытай бизнесмендері Қостанай қала­сында трактор құрастыру зауытын ашуға мүдделілік танытып отыр. Атап айт­қанда, YTO Group Corporation компания­сы Қазақстанда «YTO» тракторларын құрастыруға кіріскелі тұр. Кәсіпорын өкілдері осы мәселе жөнінде таяу арада Қазақстанға келіп қайтпақ. Қостанайдағы Индустриялық аймақта жүзеге асатын мега жобаның құны 300 млн АҚШ долларын құрайды.

Қарағанды

Кеншілер астанасында «Цифрлы Қазақ­стан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Цифрландыру күні өтті. Бағдарлама үш бөлімнен құралды. Оған Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының, Астана қаласының өкілдері қатысты. Қатысушылар Smart city саласында жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы айтты. Шешімін күтіп тұрған мәселелер де ортаға салынды.

Ақтөбе

Арнайы комиссия Ақтөбені абаттандыруға, көгалдандыруға және тазалықты қамтамасыз етуге бөлінген бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын тексереді. Жұмыс тобына экономика және бюджетті жоспарлау, қаржы басқармалары мен басқа да құзыр­лы мемлекеттік органдардың басшылары кіреді. Мамандардан құралған команда қала­лық биліктердің ақшалай қаражатты жұм­сау кезіндегі нәтижелілік пен үнемдеу қағи­даларын сақтауларына баға берулері тиіс.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button