Қоғам

Жас сарбаздар жарысы



Ұлттық әскери-патриоттық музейінде «Жастар жылына» орай елорда әкімдігі, «Астана жастары» ресурстық орталығы және Қорғаныс істері департаментінің қолдауымен жалпы орта білім беретін мектептердегі «Жас сарбаз» сыныптарының қатысуымен «Jas sarbaz – Jastar jylynda» жобасының салтанатты жабылу шарасы өтті.

Аталмыш жоба өз жоспарын әскери патриоттық әндер байқауымен қорытындылады. Байқау нәтижесінде бас жүлдені ­Нурали Владимир, 1-орынды Аида ­Болат, 2-орынды Қазақ технология және бизнес университеті колледжінің «Қырандар» тобы, 3-орынды Мұхаммед Сымантай иеленді. Сонымен қатар шара соңында №68665 әскери бөлімшесінің жас сарбаздарының арасындағы өткізілген спорттық және патриоттық тәрбиелеу сайыс­тарының үздіктері марапатталды.
Шараға қатысқан Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық даму істері басқармасының басшысы Талғат Рахманберді, Мәжіліс депутаты Геннадий Шиповских жас сарбаздарға ізгі тілектерін білдірді.

Жадыра МҰРАТБЕКОВА




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button