Жаңалықтар

ЖАСТАР АБАЙ ЖЫРЛАРЫН ЖАТҚА ОҚЫДЫ



IMG_3995

Қазақ ұлттық өнер университетінде Абай Құнанбайұлының 170 жылдық мерейтойына орай «Ұлт перзентіне тағзым» атты өнер сайысы өтті. Шараны «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы Абай шығармаларын насихаттау мақсатында ұйымдастырды.

Өнер сайысына «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы бастауыш партия ұйымдарының мүшелері, елордадағы жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері қатысты. Шарада арнайы сөз сөйлеген «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сапар Ахметов пен Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаева қатысушыларға сәттілік тіледі.

Сайыс «Болмасаң да ұқсап бақ!» және «Адам болам десеңіз» атты екі бағыттан тұрды. Бірінші бағытта қатысушылар еркін тақырыпта өлең оқыса, екіншілері Абай шығармаларын жатқа соқты. Қатысушыларды Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Тілеуғали Қышқашбаев, философия ғылымдарының докторы Ғарифолла Есім, жазушы-драматург Роза Мұқановалар бағалады.

Сайыс қорытындысында «Адам болам десеңіз» бағытында Қазақ технология және бизнес университетінің студенті Бәтима Кемелова, «Болмасаң да ұқсап бақ!» бағытында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенті  Нұрбала Алдамжарова жеңіске жетті.

Роза ӘРЕН




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button