Жаңалықтар

ҚҰРБАН АЙТ – ҚАСИЕТТІ МЕРЕКЕ

 a29e9d1516afb79d0598ee337b139d7a

«Астанада Құрбан айт мерекесі кезінде мал сатылатын жерлер белгіленді» деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

 Елордада санитариялық-эпидемиологиялық ережелер мен талаптарға сәйкестендірілген арнаулы мал сатылатын және  құрбандық шалынатын жерлер белгілі болды: «Қарағанды – Астана тас» жолының бойындағы «Метро» СО,  «Нұрбереке-555» ЖШС,  «Алаш»  тас жолы, 30 («Көк базардың»  артында); «Шаушен» шаруа қожалығы, «Астана – Софиевка» тас жолы, «Мақсат 2010» ЖШС, «Теміржолшы»  тұрғын алабы, Ақжар к-сі, 20.

         Қасиетті мереке  Рамазан айынан 70 күн өткен соң тойланады. Ай күнтізбесі бойынша жыл сайын он күнге өзгеріп тұратын бұл күні әлемдегі барша мұсылман қауымы құрбандыққа мал шалып, оның етін үшке бөледі. Бір бөлігін тұрмысы төмен отбасыларға таратады, екінші бөлігі өзінің отбасында қалады, ал қалғаны қонақтарға арналған дастарқанға қойылады.

         Айтпақшы, биыл мереке 24-26 қыркүйек күндері тойланады. Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 96-бабы 4-тармағына сәйкес Құрбан айт мейрамының бірінші күні демалыс күніне беріледі.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button