Мәдениет

ЖАУЫНГЕРЛЕРДІҢ ЖЕКПЕ-ЖЕГІ



Қала күні қарсаңында елордада Халықаралық жауынгерлік өнер фестивалі ұйымдастырылмақшы. Осымен екінші рет өткізілгелі отырған шарада әлемдік жекпе-жектің үздік өкілдері бас қосады. 

image_14_06_16_03_49

Дода барысында Қазақстан, Италия, Қытай, Ресей, Филиппин және Жапония мемлекеттерінің шеберлері көрермен назарына 11 дисциплина бойынша көр­некі көріністер ұсы­нады. Оның ішінде джиу-джитсу, кио­кушинкай-кан каратэ, қоян-қолтық ұрыс, сумо, таэквандо, муай-тай, вин-чун, қазақша күрес, бразилиялық джиу-джитсу, шаолинь-цюань және пекити-тирсия кали бар.
Биыл сайысқа Вин-Чун Халықа­ралық федерациясының (IWCO) құрметті президенті Сифу Дональд Мак, Ultimate Fighting Championship қамқорлығымен өнер көрсететін, аралас стильдегі кәсіпқой спортшы Хабиб Нурмагомедов, кәсіпқой ресейлік тайбоксер және кикбоксёр, тай боксынан және кикбоксингтен кәсіп­қойлар мен әуесқойлар арасындағы жарыс­тардың бірнеше дүркін жеңімпазы, тай боксы­нан Ресейдің Еңбек сіңірген спорт шебері Артем Левин сынды әйгілі тұлға­лар қатысады. Маңызды бәсекеден отан­дық спортшылар да тыс қалмақ емес. Еліміз­дің танымал боксшысы, 2005 және 2007 жылғы әлем чемпионы, 2012 жылғы Олимпиада чемпионы, «Астана Арланс» кәсіпқой бокс клубының бас директоры Серік Сәпиев, әуесқойлар арасындағы әлем чемпионы, кәсіпқойлар арасындағы Таиланд Королі кубогының иегері Дәулет Отарбаев, каратэ мен ММА-ден әлемнің үш дүркін чемпионы, джиу-джитсуден Еуропаның үш дүркін чемпионы Айдар Махметов, сондай-ақ, Қазақстанның джиу-джитсу мен ММА федерациясының президенті Анатолий Ким сияқты кеш қонақтары өз шеберліктерін ортаға салады.




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button