ЖЕКЕ КУӘЛІК ЖЕДЕЛ БЕРІЛЕДІ
Астана қаласы ІІД көші-қон полиция басқармасы еліміздің азаматтарына төлқұжат пен жеке басты куәланды-ратын құжаттарды беруді жеделдету бойынша жұмыстар жүргізуде.
Алдымызда үлкен саяси науқан – Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы келе жатыр. Еліміз үшін жауапты сәтке әр азамат біркісідей қатысып, үн қосуы қажет. Республика азаматтары конституциялық құқын дұрыс пайдалануы үшін олардың жеке басын куәландыратын құжаты түгел болуы шарт. Осыған байланысты шаруаларды қазір тиісті мекемелер жылдамдатып жүзеге асырып жатыр.
Алматы ауданының ішкі істер басқармасының бастығы, полиция полковнигі Марат Төлебаев бір топ азаматқа құжаттарды өз қолымен табыстап, естелік ретінде «Астана» кітабын сыйға тартты.
Астана қаласының Ішкі істер департаменті көші-қон полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Гульвира Дөненбаеваның айтуынша, жеке куәліктер заң бойынша бір ай ішінде дайындалып келсе, енді сайлауға байланысты бұл мерзім айтарлықтай қысқарып отыр. Бұл құжат бір аптаның ішінде ақысыз дайындалып, иесіне беріледі. Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап 16 жасқа жеткен және осы жастан асқан Қазақстанның 54 азаматына жеке куәлік рәсімделді.
Азаматтықты анықтау мерзімі де 7-15 күнге дейін қысқартылып отыр. Құжаттарды қабылдау және рәсімдеу демалыс күндері де жүзеге асырылады.
Қымбат НҰРҒАЛИ