Жаңалықтар

Желіге заңсыз қосылған



Қаржы мониторингі агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері электр желісіне заңсыз қосылған майнингтік ферманы анықтады.

[smartslider3 slider=2202]

«Тексеру барысында криптовалюта өндіруге арналған 159 дана майнингтік құрылғы табылды. 2021 жылдың қарашасынан 2022 жылдың ақпанына дейінгі аралықта өндірілген криптовалюта ақшалай есептегенде 48498 АҚШ доллары (21145128 теңге) көлемінде қолма-қол ақшаға айналдырылды» деп хабарлады Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін Екібастұз бен Алматы қалаларында да заңсыз жұмыс істеп келген майнингтік компаниялар әшкереленген еді.

 




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button