Жаңалықтар

ЖИЫРМА БЕС ИГІЛІКТІ ІС



Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Алматы ауданы әкімінің аппараты мен ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен №48 мектеп-лицейінде «Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы» тақырыбында тағлымды кеш өтті.

25 жылдык

Жас ұрпақ тәрбиесі – адамзаттың мәңгілік тақырыбы. Ұлттың бүгіні де, болашағы да қандай ұрпақ өсіруімізге байланысты екені белгілі. Бұл ретте аталмыш мектеп мұғалімдерінің үлесі орасан зор. Оқушылардың бойына ізгілік, инабаттылық, мейі­рімділік, қайырымдылық секілді адами құндылықтарды дамыта отырып, тіршілікке қажетті дағдыларын қалыптастырып келе жатқан ұстаздар тал бесіктен басталған тәрбиені ұлттық нақышта жалғастыруда.
Бұл жолы аға буын өкілдері де қарап қалған жоқ. Ұзақ жылдар бойы ұстаздық қызмет еткен, Оқу ісінің үздігі Балкен Қасенова, баспасөз саласының майталманы Сайраш Әбішқызы, белгілі тележурналист Роза Жүнісова, ұлтымыз­дың ұмытылып бара жатқан дәстүрлі қолөнер бұйымдарын насихаттап жүрген аяулы ана Сафура Сейтмағамбетова ортаға шығып, өз өнерлерін көрсетумен бірге оқушыларға ғасырдан-ғасырға жалғасып келе жатқан жақсы дәстүрле­рімізді насихаттаса, өнерлі ардагерлерден құралған «Армандастар», «Сәния» шағын орталықтарының мүшелері де білгендерімен бөлісті.
Кеш соңында аталмыш мектептің оқушылары ән мен жырдан шашу шашып, аға буын өкілдері алдында өз өнерлерін паш етті.


Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button