Жаңалықтар

Жол салу жұмыстары – назарда



Қала әкімі А.Көлгінов әлеуметтік нысандарға апаратын кірме жолдар құрылысы барысымен танысты. Бұл – қаладағы Е10, Е32, Е15, Е36 көшелерінің шекаралары. Жоба қала тұрғындарына ғимараттарға тікелей баруға мүмкіндік береді. Жоспар бойынша жаяу жүргіншілер бөлігін абаттандырып, ағаштар отырғызылып, орындықтар орнатылуы қажет. Қала әкімі А.Көлгінов жол салу кезінде бірінші кезекте жаяу жүргіншілердің, қоғамдық көлік қозғалысының, одан кейін автокөлік жүргізушілерінің ыңғайлылығын ескеру қажет екенін атап өтті.

Жобалық атауы №355 көшесі екі магистральды көшені жалғайды, осылайша автокөліктің қозғалуына қолайлы жағдай жасап, №306 көше Сығанақ және Сарайшық көшелерінің жүктемесінің бір бөлігін түсіреді. Бұл көшелерде тротуарлар салу, нөсер кәріздері жүйе­сін ойластыру, аялдамалар, бағдаршамдар орнату, жарықты қосу жұмыстары жоспарда тұр.
Сонымен бірге Есіл ауданы көшелерінің учаскелерінде асфальт төсеу, сырт­қы инженерлік желілерді төсеу, нөсер канализациясының тазарту құрылыстарын салу бойынша жұмыстар басталды. Кейбір жолдардың жобалары бойынша қайта аралау барысында айтылған ұсыныстарды ескере отырып, түзету жұмыстары жүргізіледі.




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button