Қала тіршілігі

Жол жүктемесі жеңілдейді



«ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі күндері қаланың шалғай аймақтарын көрме орталығымен байланыстыратын 7 жаңа Shuttle Bus бағдары енгізілді. Мұны көше-жол желісінің жүктемесін төмендету үшін «ALAY-ASTRA» және «КеңМарт-ASTRA» көліктік орталықтары ұйымдастырып отыр. 

epav

Енді №500 Халықаралық әуежай – «Нұрлы Жол» темір жол вокзалы, №501«Рахмет» ОСО – Клиникалық-оңалту орталығы, №502-«Астана» М – «Арнау» ТК, №503- «Алай» – «Арнау» ТК көліктік хабы №504 – «Достар-1» ТК – Клиникалық-оңалту орталығы №505 – «Нұрлы Жол» темір жол вокзалы – «Арнау» ТК, №506 – «Кенмарт» ОСО – «Қазанат» ипподромы арасында қатынайтын болады. Сонымен қатар, №№ 10, 12, 15, 18, 35, 37, 40, 51, 53, 70, 102, 303 қалалық бағыттарына қосымша 50 көлік үстемеленіп, бағдар күшейтілетін болады.

Бұл туралы астаналық қоғамдық көлік қызметі­нің жұмысына қатыс­ты мәселелер бойынша бри­фингте жария етілді. Елордалық Көлікті диспетчерлеу орталығының басшысы Бауыржан Сеитов, «Астана LRT» ЖШС жолау­шылар көлігі бөлімінің басшысы Бейбіт Есжанов қоғамдық көліктің жұмысын жақсарту, қызмет сапасы мен қызмет көрсету мәдениетін жоғарылату тұрғысында атқарылып жатқан істерге талдау жасады.

Бүгінде қалалық автобус паркі 1 025 автобустан тұрады, оның ішінде 358-і – кондиционерлермен жабдықталған жаңа автобустар. Жолаушылар тасымалы қызметіне 1192 жүргізуші тартылып, 1101 кондуктор жол бойында жұмыс істеуде. Қоғамдық көлік қызметіне қала тұрғындары 4,5 мыңнан астам шағым түскен. Арнайы тексеруден кейін 52 жүргізуші және 150 кондуктор жұмыстан босатылды.

Айгүл УАЙСОВА




Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button