Қала тіршілігіТуризм

Астана туризмінің әлеуеті

Бүгін Астанадағы Riхos President мейманханасында Бірінші Паназиялық Қытай туризміне арналған конференциясы жұмысын бастады. Екі күнге созылатын жиынға Испания, Иран, Қытай, Ресей, Өзбекстан, Әзербайжан, Грузия және Қырғызстан сияқты елдерден келген 250-ден астам туризм саласының мамандары қатысуда.

1431681966-turizm-budushego

Елордада бас қосқан мәртебелі қонақтар «Жібек жолы» бірыңғай туристік брендін құрып, қытай саяхатшылары үшін ішкі Азияның туристік әлеуетін ашу мәселелерін талқылай­ды. Конференцияда туризм нарығының жаңа сегменттері мен әлем­нің заманауи туристік тренд­тері, бүгінгі эко­номи­калық жағдайда туризм саласын дамытудың өзекті мәселелері қарастырылады.

Шара Астана қаласы әкімдігі мен «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы, «Астана Конвеншн Бюро», Қазақстан туристік қауымдастығы, ҚР Мә­­де-ниет және спорт ми­нистр­­лігінің ұйымдастыруымен өтуде. Конференция идеясын қозғаушы, Chinese Friendly Kazakhstan негізін қалаушы әрі Ұлттық туризм ассоциациясының Президенті Гауһар Жеңісбектің айтуынша, қала әкімдігі елордасын туризм орталығына айналдыруда өз жолын анықтаған. Жібек жолы бойындағы жаңа брендті мән-мағынасымен толтырып, нарықтан лайықты орын алуға бағытталған бұл басқосу жан-жақты тиімді әрі дер кезінде бас­талған қадам болмақ.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button