ЖаңалықтарҚала тіршілігі

Жолдар жөнделіп жатыр



Осы жылы Алматы ауданы аумағында 5000 шаршы метр жолға асфальт төселіп, аулаішілік аумақтарда 11 мыңнан астам жол жөнделді. Аулалардағы шұңқырларды тегістеу жұмыстарының жоспары әлеуметтік желілердегі пікірлер негізінде құрылды.

[smartslider3 slider=548]

Қазіргі уақытта Ақарыс көшесі бойында, Қобыланды батыр көшесінен Қозыбасы көшесіне дейін жұмыс жүріп жатыр. «Железнодорожный» тұрғын алабының тұрғындары алапқа теміржол өткелі арқылы өтетін негізгі жолды кеңейту мәселесін шешуді сұраған болатын. Бұл аумақ үнемі бос болмайтындықтан, нәтижесінде көлік кептелісі орын алатын. Енді бұл аумақта жол 4 жолақты болады.
«Тұрғындардан жолда жүргізіліп жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарау және уақытша туындаған ыңғайсыздық үшін кешірім сұраймыз» дейді аудан әкімі Ерлан Бекмырзаев.
 


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button