Басты ақпарат

Жұмысты ширатуды тапсырды

Елорда әкімі Алтай Көлгінов демалыс күндері бірқатар қалалық нысандарды аралап, жұмыс барысымен танысты.

Қала басшысы алдымен «Астана LRT» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды. Мұнда әкім қаладағы қоғамдық көлік проблемалары мен астананың инфрақұрылымын дамытудың өзекті мәселелерімен танысып, уақыт оздырмай қолға алынуы тиіс міндеттерді айқындады. Бұл ретте қаланың шет аймақтарындағы жолдарды жөндеу, «Астана LRT» ЖШС-ның мекенжай бағдарламалары бойынша қоғамдық көлік бағдарларының соңғы аялдама нысандарын салу, жол қозғалысын реттеу құралдарына кешенді қызмет көрсету, қала көшелерінің қауіпті учаскелерінде 77 бағдаршам орнату қажеттілігін атап өтті.


Сонымен қатар әкім «Нұра-Есіл» арнасына барып, жағалауды абаттандыру жұмыстарымен және тазарту құрылғыларының құрылысымен танысты. №27 көшенің құрылыс алаңына болып, атқарылып жатқан жұмыс­қа көз жеткізді. Тельман тұр­ғын алабының оңтүстік жа­ғындағы Есіл өзенінің сол жағалауында орналасқан ІІ-6 аймағының нөсер кәрізін тазарту құрылғыларының құрылысымен де танысты. Құрылысқа арналған орын күрделі жұмысты қажет ететін, жерасты сула­рымен толған, ертеректе қиыршық тас өндірілген бос карьерде орналасқан. Жоба бойынша мұнда 1814,0 гектарға су жинау аумағы, ІІ-6 аймағының нөсер кәрізін тазарту құрылғысымен тәулігіне 36,280 м3 суды өткізу қарастырылатын нысан салынатын болады.
Елорда әкімі нысандарды аралау кезінде тиісті кәсіпорындар мен мекемелерге жоспарланған жұмыстарды ширатуды әрі мер­зімге сәйкес жүргізуге байланыс­ты тапсырмалар жүктеді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button