Қала тіршілігі

ЖҰРТҚА ҰНАЙТЫН ЖӘРМЕҢКЕ



ЭКСПО көрмесі аясында елордада еліміздің әр облысынан келген ауыл шаруа­шылық жәрмеңкесі кезек-кезегімен өтіп жатыр. Өткен демалыс күндері астаналықтар мен қала қонақтары Атырау, Жамбыл, Павлодар мен Шығыс Қазақстан облысынан келген өнімдерді сатып алды.

«Қазақстан» спорт кешені маңында өткен жәрмеңкеде отандық тауар өндірушілер 1000 тонна өнім ұсынды. Оның ішінде, ет – 120 тонна, сүт өнімдері – 64, макарон өнімдері – 21, дәнді-дақылдар – 53, бал – 52, картоп – 13, көкөністер – 107 және балық 53 тонна. Азық-түліктің құны нарық бағасынан 10-15 пайызға төмен болды. Сондықтан да бұл жәрмеңкелер жұртқа жағып тұр деп айтуға негіз бар.

Жәрмеңкеде «Эмиль», «Багратион Улан», «Крендель» сынды 200-ге тарта тауар өндіруші өз өнімін ұсынды. Астаналықтар бір келі қантты 230 теңгеге сатып алуға мүмкіндік алды. Шығысқазақстандықтар ет, сүт, шұжық, құс еті, балық өнімдері мен қымыз, макарон өнімдерін, жалпы салмағы 300 тонналық тауарды әкелді. Шара аясында өңірден келген әртіс­тер мен шығармашылық ұжымдар жәрмеңкеге жиылған қалың жұртқа ән мен биден шашу шашты.

 


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button